Абай университетінде студенттер арасында республикалық сайыс өтті 

0
710

7 сәуір күні Абай университетінде дәстүрлі Ғылым онкүндігі аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс өтті. Оны Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және «Abai Robo» робототехника клубы ұйымдастырды.

Білім беруді дамыту, студенттер арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникаға деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру және танымал ету, робототехникалық бұйымдарды жасау арқылы өзекті мәселелерді шешуге жастарды тарту мақсатында өткен сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жұбанов университеті (бір командадан), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда), Абай университеті (3 команда). 

Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы. 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай университеті, 2-орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді.  

«ROBO TIME-2023» республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here