0
802

Қазақстанда Абай облысындағы орман өрті мен оның салдарынан 14 орманшының қайтыс болуына байланысты 12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасымен кездесуінде айтты.

Мемлекет басшысы «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар», – деді Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here