Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров кейбір БАҚ-та оның «шығу тегі ресейлік» деп жазылуына қатысты пікір білдірді. Спортшының айтуынша, оны ресейлік спортшы деп атау – өзін құрметтемеумен тең.
2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі сәтті өнерінен кейін кейбір басылымдар Михаил Шайдоровты «ресейлік спортшы» деп атап кеткен. Миланда өткен Олимпиадада алтын жүлде алғаннан кейін де осындай ақпараттар қайта тараған. Осыған байланысты спортшы былтыр қаңтарда Sport+ арнасындағы «Тікелей әңгіме» бағдарламасында өз позициясын нақты білдірген.
«Мен Алматыда дүниеге келдім. Сонда өстім және қазір де сол қалада тұрамын. Уақытымның басым бөлігін Қазақстанда, өзімнің сүйікті қаламда өткіземін. Алайда, мәнерлеп сырғанауды мен «Рамстор» сауда орталығындағы мұз айдынында бастадым. Сол жерде көптеген спортшы, соның ішінде Денис Тен де жаттыққан. Ресейде де көп уақыт болып, оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Бірақ, соңғы уақытта қиындықтар туып, қазір көбіне Алматыда жаттығып жүрмін. Мені ресейлік спортшы деп атап жүргендерді де көрдім. Алайда, мұны маған деген құрметсіздік деп есептеймін», – деді Алматының тумасы.
Тарихи сәт! Михаил Шайдоров – Олимпиада ойындарының чемпионы









